Ата-бабамызға алғыс
2024 жылдың 1 наурызында Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ Алғыс айту күніне арналған «Ата-бабамызға алғыс» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара орыс тілінде оқытатын 8-9 сыныптар арасында өткізілді, оқушыларға Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және басқа да тарихи оқиғалар туралы бейнероликтер ұсынылды. Оқушыларға түрлі тапсырмалар ұсынылып, олар сәтті орындады. Балалардың ешқайсысы шетте қалмады, барлығы сыныптан тыс шараларға белсене қатысты. Бұл іс-шараға мектеп-интернатының басшысы Алибаева Г. А., оқу ісі жөніндегі орынбасары Умирханова М. С., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чиянова Н. Ф., педагог - психолог Лебедева Т. В. келді.
