Көркемдік-эстетикалық бағыт мұғалімдерінің апталығы

24 сәуірден бастап 29 сәуірге дейін «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернатында көркем-эстетикалық бағыттағы мұғалімдердің апталығы өткізілді. Апталығында  мұғалімдер ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды өткізді.
Апталығының мақсаты: оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, таным мен белсенділікті қалыптастыру және дамыту. 
Міндеттері: 
1. Әрбір білім алушы үшін оның жеке қабілеттеріне, мүмкіндіктеріне және мәдени-білім беру қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасау. 
2. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және қолдау.
3. Мұғалімдер мен оқушыларға олардың оқу әлеуетін, шығармашылық  және физикалық қабілеттерін ашуға көмектесу.
Сабақтарды өткізу кезінде балалардың жас ерекшеліктері, олардың шығармашылық қабілеттері мен бейімділігі ескерілді. Апталық барысында келесі ашық сабақтар мен іс-шара өткізілді:
1. Музыка пәні мұғалімі Мухамеджанов Н. Б.  6 сыныпта мемлекеттік тілде оқытатын «Музыка және технология» атты тақырыпта тыс іс-шара өткізді. 
2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Б. Алпысов 5-сыныпта орыс тілінде оқытатын «Ойындар арқылы жеңіл атлетика дағдыларын дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
 3. Дене шынықтыру пәні мұғалімі С. К. Имаканов 8-сыныпта мемлекеттік тілде оқытатын «Ойындағы шығармашылық белсенділік. Баскетбол» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
 4. Көркем еңбек мұғалімі А. З. Бейсембаева 5-сыныпта мемлекеттік тілде оқытатын «Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Байқау өте қызықты өтті. Онкүндікке белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағазы мен сыйлықтар берілді.