АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«5-9 сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы»

16.04.2021

2021 жылғы 30 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық  типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ-де 5-9 сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырысқа сынып жетекшілері және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Ф. Чиянова қатысты, отырысты әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Д. А. Логинов жүргізді.. Келесі сынып жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.С. Сугирбаеваның «Бала тәрбиесіндегі жетекшінің рөлі», тарих және география мұғалімі М. С. Умирханованың «Сыныптың тәрбие жүйесі», орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Л. Д. Волохованың «Сынып жетекшісінің табысты қызметінің негізі ретінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту», өзін-өзі тану мұғалімі А. М. Ахметованың «Қазіргі әлемдегі білім беру мәселелері»баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар презентация түрінде ұсынылған көрнекі материалды қолданды. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, оларға дәлелді жауаптар берілді. Сондай-ақ, әдістемелік бірлестікте ІІІ тоқсанның аяқталуы, ашық сынып сағаттары және мектеп-интернаттағы тәрбие жұмысына қатысты басқа да мәселелер талқыланды. Отырыс соңында «Жұлдыз» санаторлық  типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ-нің IV тоқсанына арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша мәселелер ескертіліп, белгіленді.

Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст