АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Асық ату бойынша жарыс өтті

12.06.2025
Бүгін 11.06.2025ж мектебімізде қазақтың ұлттық ойыны – асық ату бойынша жарыс өтті. Бұл іс-шараға әртүрлі сынып оқушылары,  ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін қызықты ойынды тамашалады.
Жарыс мектеп ауласында ұйымдастырылды. Қатысушылар өз асықтары мен арнайы дайындалған мергендерін ала келді. Ойын дәстүрлі ережелер бойынша өтті: ойыншылар белгілі бір қашықтықтан мерген асықты лақтырып, шеңбердегі асықтарды дәл көздеп, ұтып алуға тырысты.
Жарыстың ең қызықты кезеңі – финалдық ойын болды. Мұнда ең мерген, епті және шебер ойыншылар бақ сынады. Көрермендер өз сыныптастарын қызу қолдап, жарысқа ерекше көңіл-күй сыйлады. 
Мұндай ұлттық ойындар арқылы оқушылар халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін танып, спортқа, ұйымшылдыққа және отансүйгіштікке тәрбиеленеді. Бүгінгі күн мектеп өміріндегі жарқын әрі тәрбиелік мәні зор оқиға болды.
Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст