АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Кіші Олимпиада ойындарының жабылуы

17.06.2025

Бүгін мектебімізде кіші Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бірнеше күн бойы оқушылар әртүрлі спорттық жарыстар мен эстафеталарға қатысып, күш-жігерін, ептілігін, төзімділігін және командалық рухын көрсетті.Жабылу салтанатында жарыс қорытындылары шығарылып, белсенді қатысқан және түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз болған оқушыларға мақтау қағаздары табысталды. Әсіресе ұйымшылдық пен әділ ойынды көрсеткен топтар ерекше қошеметке ие болды. Мерекенің соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен кәдесыйлар үлестірілді. Балалар әсерлерімен бөлісіп, жүздерінде қуаныш пен шаттықтың белгісі жарқырады. Кіші Олимпиада ойындары – бұл нағыз спорт, денсаулық пен достық мерекесіне айналды!

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст