29.08.2025
2025 жылдың 22 тамызында Ақмола облысы білім басқармасының ««Жұлдыз» облыстық санаторийлік типтегі интернатымен жалғас орта мектебі» КММ-нің әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста мұғалімдердің оқу-әдістемелік материалдары қарауға ұсынылып, оларға ұсыныс берілді.
Әдістемелік кеңес мүшелерінің бір дауыс пен келісімімен келесі шешім қабылданды:
Келесі оқу-әдістемелік материалдарды іс жүзінде қолдануға ұсыну:
1) Ахметова А.М., математика мұғалімі – «Қалыптастырушы бағалау: «Натурал көрсеткішті дәреже» тақырыбын оқытуда саралап оқытуды және цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» ОӘМ (7 сынып).
2) Ахметов А.К., тарих мұғалімі – «Қалыптастырушы бағалау: Қазақ хандығы: құрылуы мен дамуы» ОӘМ (7 сынып).
3) Логинов Д.А., тарих мұғалімі – «Қазақстан тарихынан Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. 6 сынып» ОӘМ.
4) Айткен Б.А., физика және математика мұғалімі – «Физикадан Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары» ОӘМ (7 сынып).
М. Умирханова

