АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты ашық сынып сағаты.

17.12.2025

2025 жылғы 15 желтоқсан күні мектебіміздің мемлекеттік тілде оқытылатын 3-сыныбында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру, тарихи маңызын ұғындыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сынып сағаты барысында оқушылар тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, тарихи деректермен танысты. Қазақстан Республикасының рәміздері, Ата Заңы, алғашқы Президенті туралы мағлұматтар айтылды. Балалар Тәуелсіздік туралы өз ойларын ортаға салып, суреттер салып, патриоттық әндер орындады.

Іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға баулыды. Сынып жетекшісі: Ж.Нұрташ

 

Просмотров: 661


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст