АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№3 педагогикалық кеңесінің отырысы

09.01.2026

2026 жылдың 6 қаңтарында Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз»  санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ оқу жылының ағымдағы үшінші педагогикалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс заманауи білімнің өзекті тақырыбына – «Білім беру процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялар» арналды.
Педкеңестің мақсаты әріптестердің үздік педагогикалық тәжірибелерін жинақтау, оқушылардың цифрлық мәдениетін қалыптастырудағы педагогтың рөлін талқылау, сонымен қатар жаңа технологияларды, оның ішінде жасанды интеллекті қолданудың құқықтық аспектілері бойынша білімдерді жаңарту болды.
Кеңестің жұмысы стратегиялық талдаудан басталды. Мектептың басшысы Алибаева Г.А. Мектеп даму бағдарламасын 2025 жылдық нәтижелері бойынша іске асыру туралы есепті таныстырды.
Практикалық бөлімі мол мазмұнды болды:
- Информатика пәні мұғалімі Кельдиярова М.Б. оқу сапасын арттыру үшін тұтас ақпараттық-білім беру ортасының қажеттілігін негіздеді.
- Физика және математика пәні мұғалімі Айткен Б.А. өз баяндамасында сапалы білімге келетін жол – технологияларды оқу процесіне іскерлікпен интеграциялай алатын АКТ-құзыретті педагог арқылы өтетінін дәлелдеді.
- Тарих пәні мұғалімі Ахметов А.К. жаңа білімдерді меңгеру кезеңінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың нақты кейстерімен бөлісіп, қызу қызығушылық пен пікірталас тудырды.
- Цифрлық құралдардың көмегімен педагогикалық қызметтің жаңа сапасы туралы биология пәні мұғалімі Айткен Н.Б. айтып берді.
Отырыс сонымен қатар ағымдағы оқу жұмысын талдауды қамтиды. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәнідерінің ӘБ жетекшісі Логинов Д.А. мұғалімдерінің пәндік онкүндігінің қорытындыларын жасады, басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Умирханова М.С. ІІ-ші тоқсан бойынша білім беру нәтижелерінің талдамасын ұсынды.
Қорытындылай келе, жалпыдауыс беру арқылы педагогикалық кеңес мүшелері кешенді шешім қабылдады. Бұл шешім мектеп білім беру орталығында цифрлық технологияларды әрі қарай енгізуге, кадрлық әлеуетті дамытуға және цифрлық этиканы нығайтуға бағытталған нақты қадамдарды анықтады.

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст