Текст
15.01.2026
Мектеп-интернаттағы психологиялық -педагогикалық қолдау қызметі жоспарлы жұмысы аясында оқушылар арасында әлеуметтік-психологиялық ахуалды, білім беру ортасының қолайлылық деңгейін, оқушылардың психологиялық әл-ауқатын анықтау, сондай-ақ мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің кездесетін мүмкін болатын қиындықтарын айқындау мақсатында жалпы мектептік сауалнама тұрақты түрде өткізіледі.
Сауалнама ұйымдасқан әрі жағымды жағдайда, еріктілік және құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүргізіледі.
Алынған нәтижелер психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары тарапынан жағдайды талдау, алдын алу және түзету жұмыстарын жоспарлау, сондай-ақ оқушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімділігін арттыру үшін қолданылады.
