Бейімдеу тренингтері

13.02.2026

Мектеп-интернаттағы Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінде бесінші сынып оқушыларына арналған бейімдеу тренингтері өткізіледі. Бұл тренингтерде оқушылар өздерін және өзгелерді жақсырақ түсінуге үйренеді, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады, топпен жұмыс істеуді және жанжалдарды сындарлы түрде шешуді меңгереді.

Сонымен қатар, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға, алаңдаушылық деңгейін төмендетуге және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.

Просмотров: 890


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу