АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

"Жұлдыз" мектеп-интернатының оқушыларына арналған құқықтық қауіпсіздік бойынша профилактикалық дәріс

02.03.2026

27 ақпанда «Жұлдыз» мектеп-интернатының 1–9 сынып оқушыларына Бурабай ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қалмағанбетов Д. Ғ. маңызды әрі мазмұнды дәріс өткізді.

Кездесу барысында өзекті және маңызды тақырыптар қозғалды: кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы және оларды заңмен қорғау; жасөспірімдер арасындағы құқықтық қатынастар мен қоғамдағы мінез-құлық нормалары; буллинг пен кибербуллинг — оларды қалай анықтау, алдын алу және көмекке қайда жүгіну керектігі; кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі.

Полиция капитаны оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты түсіндіріп, бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың салдары туралы еске салды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша құзыретті жауаптар алды.

Өскелең ұрпақпен жүргізілетін профилактикалық жұмыс — балаларымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. ППҚҚ

Просмотров: 294


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст