Оқушыларға ішкі тәртіп ережелерін сақтау, педагогтер мен қатарластарына құрметпен қарау

14.10.2026

«Жұлдыз» санаторлық типиегі мектеп-интернатында Бурабай ауданының ПБ МПС УИП қызметкері И. К. Мукушев 6–10-сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыптары буллинг, кибербуллинг, олардың салдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі болды.

Кездесу барысында қоғамдық орындарда, соның ішінде мектеп-интернат аумағында өзін-өзі ұстау ережелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға ішкі тәртіп ережелерін сақтау, педагогтер мен қатарластарына құрметпен қарау, мекеме мүлкіне ұқыпты қарау, жанжалдарға, қорлауға және агрессивті мінез-құлыққа жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке қауіпсіздік, мінез-құлық мәдениеті және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсініктемелер алды.

Просмотров: 109


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу