АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

"Өз ойыным" викторинасы

13.10.2021

Гуманитарлық ғылымдар онкүндігі аясында 2021 жылдың 05 қазанында "Жұлдыз" мектеп - интернатында тарих бойынша сыныптан тыс ашық іс-шара "Өз ойыным" викторинасы өтті. Іс – шараға орыс тілінде оқытатын 8-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар "Эрудит", "Білгірлер", "Умники и умницы" атты үш командаға бөлінді. Сондай-ақ, оқушылар арасынан ойынды жүргізуге көмектескен сарапшылар таңдалды. Іс-шара басталар алдында команданың атауы көрсетілген жетондарды таратудан жеребе тастау өтті, содан кейін оқушылар өз командасының капитанын таңдады, ал командаларға кірмеген оқушылар көрермен болды, бірақ сонымен бірге олар командалар тапсырманы орындай алмаған жағдайда дұрыс жауап бере алды.  Балалар өздеріне қойылған сұрақтарды белсенді талқылап, жауаптар берді. Сыныптан тыс іс – шараға педагог-психолог Т. В. Лебедева қатысты. және гуманитарлық циклдің пән мұғалімдері: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кудиярова А.Б., ағылшын тілі мұғалімі Иманаленова Г.Б., орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Волохова Л.Д.. 

Іс – шараны дайындау кезінде педагог – психолог Т.В. Лебедеваға, сондай-ақ сыныптан тыс іс-шараны өткізуге белсенді қатысқан 8-9 сынып оқушыларына алғыс айтқымыз келеді.

Тарих мұғалімі Логинов Д.А.

 

Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст