АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

"Ежелгі өркениеттер"

15.10.2021

2021 жылдың 8 қазанында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндік онкүндік аясында тарих пәні мұғалімдері Бейсембаева Айгуль Зейнулаевна және Умирханова Махаббат Сериковна 5-7 сынып оқушылары арасында дүниежүзілік тарих бойынша "Ежелгі өркениеттер" сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Іс - шараны өткізудің мақсаты-оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, сондай-ақ оқушылардың тарихты оқуға деген қызығушылығын ояту. Топтық және жұптық жұмыс түрлері қолданылды, онда оқушылар ұжымда өзара әрекеттесу қабілетін көрсете отырып, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Аталған іс-шараны өткізу барысында оқыту әдістері жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес қолданылды.

Тарих пәнінің мұғалімі Умирханова М.С.

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст