АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Қазақстан энергетикасы: өткені, бүгіні, болашағы»

04.02.2022

Жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігі аясында 2022 жылдың 1 ақпанында география пәнінің мұғалімі М.С. Өмірханова «Қазақстан энергетикасы: өткені, бүгіні, болашағы» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Қазақстанның энергетика саласының мүмкіндіктерімен таныстыру, оқушыларды энергия көздерін пайдалану кезінде өзгерістер қажеттілігі туралы қорытындыға келтіру.

Іс-шара барысында топта жұмыс істеу, спикерлердің пікірсайысы және шығармашылық тапсырмаларды орындау сияқты белсенді оқыту түрлері қолданылды. Тақырып бойынша сарапшы ретінде химия және биология мұғалімі Д.А. Логинов сөз сөйледі, төрешілер алқасының атынан мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. А. Алибаева, педагог-психолог Т. В. Лебедева және жаратылыстану-математикалық цикл ӘБ жетекшісі М. Б. Кельдиарова қатысты. 

Бұл іс-шара оқушылардың топта жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға, энергия ресурстарына ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алибаева Г.А.

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст