АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ана –гүл, ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сынып сағаты (5 сынып)

18.03.2019

Ана - өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін – дей келе оқушыларды Аналарды  құрметтеп, қадірлеуге тәрбиелеу.    

Ана -  барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.

Міне, наурыздың 4-і   «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»  атты ашық тәрбие сынып сағаты өтті. Балалар бұл сабақта өздерінің білімдерін ғана  көрсетіп қана қоймай, сөзге шешен  және ойларын дұрыс, тез жеткізе білуге үйренді. Бұл сабақта 5 -сынып оқушылары қатысты.

Балалар өз аналары мен әжелерін қалай жақсы көретіндерін айтылған әндер мен ассоциация гүлі арқылы,  өлеңдерінен – ақ білінді. Барлық оқушылар жақсы қатысып, көзге түсті. Оқушылар өздерінің шығармашылық, яғни әншілік қабілеттерін көрсете білді.

Уақыт тез өте шығып, келген қонақтарымыз да 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Оқушыларға өз жылы лебіздерін білдіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына қуана –қуана жауап бере отырып,  тілектерін айтты.  Әрбір оқушы өз білімдерін көрсетіп, дайындаған ашықхаттарын сыйға тартты. Және болашақта әрбір қыз бала өте жақсы АНА болады деп сенемін.

Сынып жетекшісі: Кудиярова Аймара Баглановна.

Просмотров: 626


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст