АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Мерекелік концерт

06.05.2019

3 мамыр күні "Жұлдыз" санаторлық типтегі мектеп-интернатында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Осы іс-шараның негізгі мақсаты: патриоттық сезімді тәрбиелеу; интернационализм мен достыққа, өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; басқа халықтармен достық қарым-қатынасты дамыту туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал ету.

Мереке мемлекеттік тілде оқитын 8 сынып жетекшісі Бейсембаева А. З. ұйымдастырды. Балалар түрлі ұлттардың костюмдерін көрсетіп қана қоймай, әр халықтың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Осы күні біз бір сахнада қазақ, орыс, татар, өзбек және корей халықтарының билерін көрдік. Концерттен кейін оқушыларға белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен тәтті сыйлықтар берілді.

Біздің қатысушылар барлықтарына табиғаттың көктемгі ояну сезімін ғана емес, сонымен қатар 1 мамырды барша қазақстандықтарды ортақ мереке ретінде қабылдауын да сыйлады.

«1 мамыр көктем мерекесі еліміздің барлық этностарын жақындастырады - бұл біздің ортақ үйіміз-Тәуелсіз Қазақстанның көп жылдар бойы құрылған ең басты белгілерінің бірі».

Мұғалім Бейсембаева А.З.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст