АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Сыныптан тыс іс-шара «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды»

14.05.2019

9 мамыр – Жеңіс күні – бұл мерекені барлық халықтар біледі және басқа да елдер қарсы алады.

Жадыраңқы  бүгін қабақ ашылған,

Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.

Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,

Жанарлардан алтын шуақ шашылған.

    Бәріміздің асыға күткен 9 мамыр – «Жеңіс күні» келіп жетті. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл толып отыр,  бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. 

Мамырдың 8-і Ақмола облысы «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта  мектеп – интернатында «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты сыныптан тыс іс – шара  өтті. Балалар іс  -шарада  өздерінің  өнерлерін  көрсетіп барлық көрермендердің көзайымы болды. Сонымен бірге қазақ батырларының өмірімен танысты. Мереке өте қызықты өтті және көрермендерге ұнады. Қазақтың батырлары жасай берсін!

Балалардың «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне» деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оның тарихымен қысқаша танысты. Уақыт тез өте шығып, мереке де аяқталып қалды.

Барлық оқушылар жақсы қатысып, мақтау қағазы мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ тілі мұғалімі Кудиярова Аймара Баглановна

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст