АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қазақ әдебиеті пәні сабағынан Абай Құнанбаевтың «Абай - дана, Абай – дара қазақта» атты ашық сабағы

08.10.2019

Қыркүйек айында жұлдызында халықаралық мемлекеттік тілге байланысты 5, 6, 7, 8, 9 – сыныптар арасында қазақ әдебиеті пәні сабағынан Абай Құнанбаевтың «Абай - дана, Абай – дара қазақта » атты ашық сабақ өтті. Балалар сабақта өздерінің білімдерін көрсетіп қана қоймай, өз ойларын дұрыс, тез жеткізе білуді, көркем сөйлеуге үйренді.

Балалар сабақта Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын презентация арқылы тамашалап, диаграмма жасады, өлеңдерін оқыды, балалар сұрақтарға дұрыс жауап берді. Балалардың «Абайдың шығармашылығына» деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, жоба жұмысын қорғап шығып көп ізденді.

Барлық оқушылар жақсы қатысып, білімділік қабілеттерін көрсете білді. «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы балалар өз білімдерін тексеріп, сұрақтарға тез және дұрыс жауап бере білді. «Ойлан, тап» тапсырмасы арқылы оқушылардың Абайдың өлеңдерін жақсы білетіндеріне көздеріміз жетті. Сабақ аяқталып, балалар жетондар арқылы бағаланды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Кудиярова Аймара Баглановна

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст