АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Радуга - мост дружбы»

19.11.2019

Құрметті оқырман! Біздің «Жұлдыз» мектеп-интернетында өмірдің қызу жүріп жатқанына еш күмәнданбаңыз! Біздің балалар оқып, денін сауықтырып, демалып қана қоймай өздерінің рухани дүниесін тәрбиелеуде! Қарашаның 15 жұлдызында 7-10-сыныптар арасында Халықаралық толеранттылық Күні қарсаңында «Радуга - мост дружбы» атты ашық іс-шарамыз өтті! Бұл мереке жарыс түрінде ұйымдастырылғандықтан, 3 топ болып («Дружба», « Толерантные люди», «Звёздные») жарысты! Балалар өздерінің татулығын, бірлікте жұмыс жасай білетінін өздеріне ғана емес, барлығына дәлелдей алды. Олар жазбаша тапсырмалар орындады, аппликациялар мен жобалар жасап, оларды қорғады! Ән айтты, өздерін сыйлық ретінде әшекейледі және бір-біріне жылы лебіздерін білдірді! Ойын соңы оқушыларды құрмет грамоталарымен марапаттаумен аяқталды. Топтарды озып шығып жеңіске жеткен «Дружба» тобы болды!!! ІІ орынды «Толерантные люди» тобы, ІІІ орынды «Звёздные» тобы қанжығасына байлады! Іс- шарадан кейін оқушыларда өзінің толеранттылық деңгейін қайта қарауға уақыт болды. 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дағыстан Набат Ғарифуллақызы

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст