АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Своя игра»

25.11.2019

2019 жылдың 21 қарашасында Ақмола облысы Білім басқармасының «Жұлдыз санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ мектеп-интернат қабырғасында гуманитарлық ғылымдар декадасы аясында «Своя игра» телевизиялық викторинасы бойынша сыныптан тыс ашық іс-шара өтті. Іс-шараға орыс тілінде оқитын 8-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар үш топқа бөлінді: «Эрудит», «Білгіштер», «Ақылдылар». Сонымен қатар, оқушылар арасынан ойын өткізуге көмектесетін сарапшылар таңдалды. Іс-шара жетондар таратудан басталды, онда команда атауы көрсетілген, содан кейін оқушылар өз командасының капитанын таңдады.  Балалар қойылған сұрақтарды белсенді талқылап, жауап берді. Сыныптан тыс іс-шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. А. Алибаева, мемлекеттік тілде білім беретін тарих пәнінің мұғалімі М. С. Умирханова және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А. М. Ахметова қатысты.  Іс-шараны дайындау кезінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. А. Алибаева мен 8-9 сынып оқушыларына алғыс білдіргім келеді.

Тарих мұғалімі Логинов Д. А.

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст