АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Өлкетану қолөнершілер көрмесі»

18.02.2020

11 ақпан күні жаратылыстану-математикалық циклдің пән апталығы аясында мектеп фойесінде өлкетану бойынша «Өлкетану қолөнершілер көрмесі»көрмесі ашылды. Көрмені тарих және география мұғалімі Умирханова Махаббат Сериковна орта буын және жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырды.

Көрмеге оқушылар әр түрлі материалдардан жасалған туған өлкеге және халқымыздың дәстүрлеріне деген махаббат тақырыбына өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Қазақ тілінде оқытатын 5-6 сыныптар Туған жерге және біздің Елордамызға арналған суреттер ұсынды. 5 сынып «Біздің балабақшаның гүлдері» композициясын және барқыт қағаздан жасалған «Менің Қазақстаным» тақырыбына жапсырманы ұсынды. 7-9 сынып оқушылары киіз үй – сандықша, кілем және мерекелік қалталар, тойбастар мен әмияндарға арналған себеттер жасады.  9 сынып оқушысы Бейсенбаева Томирис біздің назарымызға Шығыс ханшайымы диадемасын ұсынды.  Оразали Дінмұхамед түрлі - түсті қағаздан «Шырша-Бурабайдың символы» композициясын  жасады. Исахов Диас және Мягких Олег ақ-қара суреттерден  скеч бук жасады. 8 сынып орыс тілінде оқитын оқушылар  «Жайлау» этноауылының макетін ұсынды. Ал 9 сынып қазақ тілінде оқитын оқушылар «Рухани Жаңғыру» логтипін кигізді. Балалар ұсынған барлық шығармашылық жұмыстар «Рухани Жанғыру» бағдарламасын, «Өлкетану» - «Табиғат бесігі» бағытын іске асыру аясында мектепте оқушылардың өлкетану қызметін ұйымдастыру арқылы жасалды.

Тарих және география мұғалімі Умирханова М. С.

Просмотров: 248


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст