АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Дене шынықтыру-жарақатсыз»

05.03.2020

Жарақаттану айлығын өткізу барысында «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ спорткешенінде балалар жарақаттануының алдын алуға арналған спорттық іс-шаралар өткізілді.

Балалардың жарақаттануы-маңызды мәселе, бірақ егер дене шынықтыру нұсқаушылары оқушыларға бақылау жасап, олардың қауіпсіздігін үйретсе, көптеген жарақаттан құтылуға болады.

«Жұлдыз» мектеп-интернатының басты мақсаты мен міндеті:

 - балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау,

- дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың жарақаттануын алдын алу және ескерту.

Ойын залындағы спорт алаңында оқушылар баскетболдан жарысты. «Ұшқын» командасы жеңді - аға буын. Кіші буын жол жүру ережелері бойынша ойынға қатысты. Онда «Светофорчик» командасы жеңіске жетті. Дойбы турнирінде ең үздік болып Ұлдар: 1 орын - Выскарко Арсений, 2 орын - Ягубов Вугар, 3 орын - Бейсемаев Думан. Қыздар: 1 орын - Мубарак Ханым, 2 орын - Барсукова Людмила, 3 орын - Мырзак Регина.

Денсаулық-адам қоғамның пайдалы мүшесі бола алатынының кепілі. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру сабақтары кезінде қимыл-қозғалыс дағдылары, қозғалыс дәлдігі, зейінділігі, шоғырлануы қалыптасады және жетілдіріледі. Бұл қасиеттердің барлығы жарақаттанудың алдын алу үшін қажет. Бұл ретте ойындардың өздері оқушыларды ғана емес, сонымен қатар шығармашылық элементтердің салынғаны маңызды.

Спорт кешенінің меңгерушісі Л. Грачева

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст