АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні»

11.03.2020

Осы жылы 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп-интернатында мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн біздің мектеп оқушылары үшін «Мерекенің пайда болу тарихы» әңгімесінен басталды, онда балалар әңгімені қызығушылықпен тыңдады және толықтырды. Сонымен қатар, ана туралы әңгіме жүргізілді, әр бала өз анасы туралы сүйіспеншілікпен айтып, оларды тыңдау өте қызықты болды. Бұл күні әр түрлі викториналар мен тренингтер өткізілді, балаларға қызықты болды,олар конкурстарға қуана қатысты. 1 жасақтың ұлдары біздің қызметкерлер мен қыздарды шын жүректен құттықтап, өз қолдарымен жасалған ашық хаттар мен гүлдер сыйлады. Күн соңында спорт кешенінде қыздар арасында «А ну-ка, девочки!» қыздар өздерінің физикалық дайындықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Ұлдар қыздарды көрермендер ретінде қолдауға келді. Бұл күнді қыздар да, біздің мектеп қызметкерлері де махаббатпен және жылылықпен еске алады.

Тәрбиеші Есимбекова Ж. А.

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст