АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

"Қазақ есебі" челленджі

26.01.2024

2024 жылғы 26 қаңтарында "ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы шеңберінде Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты" КММ бастауыш сыныптарының арасында "Қазақ есебі" челленджі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: математикалық есептерді шешуде оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық және сыни ойлауын дамыту; оқушылардың математикаға деген қызығушылығын ояту; математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету. Сағат 12:00-де барлық бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес "Ертегі кейіпкерлеріне көмектес", "Сандар заңдылығын тап", "Жылдам сана", "Түймедақ жина", "Кім үлкен?" және т. б. математикалық тапсырмалар орындады. Бұл тапсырмалар балалардың қызығушылығын тудырды. Бұл оқушылардың стандартты емес, ойын-сауық, логикалық тапсырмаларды орындауды ұнататынын дәлелдейді. Өткізілген челлендж оқушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті және мерекелік  атмосфераға енгізді.

#3тоқсан#ұлттықөнері
#математикажизнь
#есепшығару
#креативноемышление#яматематик
#қазақесебі

Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М. С. Умирханова

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст