АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қазақстанның мәдени мұрасы

20.03.2024

2024 жылдың 11 ақпанында «Жұлдыз» мектебімізде «Қазақстанның мәдени мұрасы» атты тақырыптық күн өтті. Күні бойы «Үшінші тоқсан – «Ұлттық өнер» бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы мен мәдениеті», «Туған жер: Түркістанның киелі және тарихи жерлері» атты балалармен әңгімелесу, сонымен қатар «Түркістанның киелі және тарихи орындары» атты сурет байқауы өткізілді. Қазақстан халықтарының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері» және «Ұлттық өнер» тақырыбында 1-9 сынып оқушылары сурет байқауына қатысты. Суреттер байқауынан кейін мектеп фойесінде ата-аналарды тамашалау үшін шығармалар көрмесі ұйымдастырылды, балаларының шығармашылық табыстары. Балалар позитивті қуатқа ие болып, күнді қызықты әрі нәтижелі өткізді.

Тәрбиеші: Рыспаева А. Қ.

Просмотров: 576


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст