АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Зеленобор селолық округінің балалары арасында «Менің бақытты балалық шағымым!» балаларға көпжанралық онлайн конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

22.05.2020

Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп интернаты» КММ балаларды қорғау күніне арналған балалар шығармашылығы конкурсына қатысуға шақырады

«Менің бақытты балалық шағымым!»

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы музыкалық-эстетикалық мәдениетке баулу. Орындаушылық мәдениетті қалыптастыру және көркемдік талғамды дамыту: балалардың шығармашылық қарым-қатынасына жағдай жасау.

2. Конкурс шарттары:

Қатысушылардың жасы 3-тен 6 жасқа дейін.

 7-ден 11 жасқа дейін.

 12-ден 15 жасқа дейін.

Онлайн байқау келесі номинацияларды қамтиды:

* Хореография (би жанры)

* Вокалдық өнер • (ән)

* Көркем сөз (мәнерлеп оқу)

* Сурет

3. Өткізу мерзімі.

Іріктеу кезеңі: 20.05.2020 ж. - 30.05.2020 ж.

Әлеуметтік желіде бейнематериалдарды жариялау: 20.05.2020ж.-30.05.2020ж.

Арнайы құрылған әділ –қазы алқасының қорытындысы: 31.05.2020ж.

2020 жылғы 1 маусымда онлайн марапаттау.

4. Техникалық талаптар:

Бейнежазба (mp4) жақсы сапада және дыбыста бөгде шуылсыз. Бейне міндетті түрде, 2 минуттан артық емес.

Өтінімде:

Баланың ата-анасының/ шығармашылық жетекшісінің Т.А.Ә., туған жылы, байланыс телефоны.

Анықтама телефоны: 74-3-03.

Өтінімдер мына электрондық мекен-жай бойынша

қабылданады :ouoc_zuldyz@mail.ru

Whats App: 87776207525

Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст