АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ішкі бақылауын жүргізу туралы 2019 жылы бойынша есеп

«Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету келесі түрлермен қорытындылайды:

І. Қызмет коды 403003. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың тізбесі:

1.      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2.      2008 жылға дейін туылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі));

3.      денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е нысаны (бұдан әрі- № 086/е нысаны).

4.      көлемі 3х4 см 2 дана фотосурет;

5.      қорытынды педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия (бар болған жағдайда).

Көрсетілетін қызметті алушы – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеген адам-пана іздеген адамның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

2019 жылы мемлекеттік қызмет 655 оқушыға көрсетілді.

ІІ. Қызмет коды 803019. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.

Құжаттар тізімі:

1.      Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауға өтініш.

2019 жылы 11 педагог қызметкерге мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мектеп-интернатта Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған кабинет жабдықталған, онда Ақмола облысы білім басқармасының жолдамасы мен туббақылау балаларын іріктеу қорытындысы бойынша оқу және сауықтыру кезеңінде оқушыларды қабылдау туралы құжаттар тізімі бар ақпараттық стенд орналасқан.

Мемлекеттік қызмет регламентке сәйкес көрсетіледі (15 минуттан аспайды). Мектеп-интернаттың сайтында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат жүйелі түрде орналастырылады.

Жаңартылған күні: 06.02.2020 16:15
Құрылған күні: 06.02.2020 16:21

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст