АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Баладағы ЖРВИ»

15.01.2020

ЖРВИ – 3 жастан бастап 10-12 жасқа дейінгі балаларда кеңінен таралған аурулар тобы. Респираторлы вирустық инфекция көбінесе жеңіл өтеді, дегенмен ЖРВИ-дің қайталануы емделуі қиын болып табылатын, асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Аурудың пайда болу мүмкіндігі профилактикалық шараларды сақтағанда ғана төмендейді.

ЖРВИ деген не?

Балалардағы ЖРВИ тыныс алу жүйесін зақымдайтын, инфекциондық кең тараған ауру болып саналады. Жедел респираторлық вирустық инфекцияның қоздырғыштары тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығына түсіп, дамып, көбейіп, қабынулық, дистрофиялық өзгерістердің туындауына алып келеді.

ЖРВИ-дің белгілері вирустың түріне және тыныс алу жүйесіндегі түскен орнына, иммунды жүйенің қызметіне, баланың жасына байланысты болады. Ерте жастағы балаларда респираторлы инфекция ауыр түрде өтеді және жиі бактериялардың активациясымен асқынып, аурудың ағымы мен жалпы жағдайының нашарлауына алып келеді.

ЖРВИ-дің қоздырғыштары тек тыныс алу жүйесіне ғана жағымсыз әсер етіп қоймай, сонымен қатар, қанға түсіп, ағзаның жалпы улануын шақырады. Осы ауруға көбінесе 3 жастан 8 жасқа дейінгі балалар бейім келеді, бұл дәл осы уақыт аралығында баланың әртүрлі мекемелерге баруына және көптеген құрдастарымен қарым-қатынаста болуына байланысты.  Аурудың қоздырғыштары ауа арқылы таралады және оның ойыншықтарында, жеке заттарында болуы мүмкін, сондықтан да инфекцияның балалар ұжымында тұрмыстық-қатынас жолымен таралуы соңғы орында тұр.

Себептері

Балалардағы ЖРВИ-ді барлығы екі жүзден аса әртүрлі вирустар туындатады. Дегенмен, аурудың жиі себебі болып табылатын вирустар:

  • Тұмау және парагрипп;
  • Аденовирустар;
  • Риновирустар мен реовирустар;
  • Энтеровирустар.

Қоздырғыштардың түріне қарамастан, ЖРВИ симптомдарының белгілері ұқсас болады. Бірақ,аурудың түрін негізінен вирустың түріне қарап анықтайды:

  • Риновирус мұрын жолының шырышты қабығына түсіп, ринитке алып келеді;
  • Тұмау вирусы кеңірдектің қабырғаларын зақымдайды, оның ағзада дамуының белгісі үрмелі жөтел болып табылады;
  • Аденовирус жедел тонзиллитті, ринофарингитті шақырады, жиі іріңді отитпен асқынады;
  • РС-вирусты  инфекциялар төменгі тыныс жолдарын зақымдап, ұстама түріндегі жөтелге, ентігуге алып келеді.  

ЖРВИ ауруы иммунитеті әлсіз, созылмалы және паразитарлы аурулары бар, аллергиялық реакцияларға бейім келетін балаларда жиі туындайды.

Жедел респираторлық инфекция ринит, ринофарингит, назофарингит, трахеит түрінде өтуі мүмкін. Сирек жағдайда вирустар бронхитті шақырады.

ЖРВИ-дің клиникалық көрінісі  

Барлық вирустар жасушалық паразиттер болып саналады, олардың негізгі қасиеттері:

  • Эпителиотроптылығы – шырышты қабықтың негізі болып табылатын, эпителий жасушаларының бұзылысы мен зақымдануы;
  • Вазотроптылығы – қан тамырлық қабырғаларының зақымдануы;
  • Лимфотроптылығы– лимфоидты тінге патологиялық әсері.

Вирустардың осы айтылған қасиеттері ЖРВИ-дің клиникалық көрінісін анықтайды. Ауру ағымының бірнеше кезеңі болады:

  • Жасырын кезеңі. 1 күннен 3-4 күнге дейін созылады. Бұл уақытта ағзаға енген микроорганизм шырышты қабыққа бекініп, көбейе бастайды. ЖРВИ-дің бұл кезеңінде белгілері байқалмайды, дегенмен бала енжар немесе өте мазасыз болуы мүмкін;
  • Жедел кезеңі. Вирустар сау жасушаларды бұзып, көбейеді. Бұл кезеңнің басында катаральды жағдайлар  – тамақтың қышуы, түшкіру, жөтел, көздің жасаурауы болады. 1-2 күннен кейін вирус қанға түсіп, аурудың жалпы белгілерінің туындауына – жүрек айнуға, әлсіздікке, тамақтан бас тартуға, қырсықтыққа алып келеді. ЖРВИ кезінде көпшілік жағдайда температура көтеріледі және 3-4 күн бойы 37,5 – 39 градуста тұрады. Осы уақытта аймақтық жақ асты, мойын лимфа тамырларының ұлғаюы болуы мүмкін;
  • Симптоматиканың  кері дамуы мен жазылу кезеңі. Балалардағы ЖРВИ-дің жедел кезеңі ағымының орташа ұзақтығы – 3-5 күнді құрайды, одан кейін аурудың барлық негізгі белгілері азаяды, баланың көңіл-күйі көтеріліп, тәбеті ашылады. Мұрыннан су ағып, ылғалды жөтел мазалауы мүмкін.

Жоғарыда ЖРВИ-дің негізгі көрінісі сипатталды. Бірақ, кейде аурудың жедел кезеңі бактериалды инфекциямен немесе ішкі мүшелердің вируспен зақымдануынан асқынып, ауру белгілерінің нашарлауымен, диспепсиялық жағдайлармен, бас ауруларымен, әлсіздікпен көрінеді.

Респираторлы инфекция салдарлары

ЖРВИ-ден кейін иммунды жүйе мүшелерінің қызметі бірден қалпына келмейді. Аурудан кейін бала ағзасы әлсіз болғандықтан, ЛОP- мүшелерінің потологияларының даму мүмкіндігі, несеп-жыныс жүйесінің қабынулық зақымданулары артады. Респираторлы вирустық инфекциялардың жиі болуы физикалық және ақыл-естің дамуын тежейді, жүйке жүйесінің қалыпты қызметін бұзады, жүрек қызметіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ерте жастағы балаларда ЖРВИ кезіндегі жоғарғы температура фебрильді ұстамаларға әкелуі мүмкін. Бірақ аурудың ең ауыр асқынулары ретінде жедел гломерулонефрит, ревматизм, көмейдің стенозы, менингоэнцефалит саналады. Жақсысы, бұндай асқынулар сирек кездеседі және баладағы ЖРВИ-ді уақытылы емдеу мен вируспен зақымдалу жиілігін төмендететін профилактикалық шараларды сақтау толықтай оның алдын алуға көмектеседі.

ЖРВИ-дің суық тиюден айырмашылығы

ЖРВИ мен ЖРА (жедел респираторлық ауру немесе суық тию) адамдардың көпшілігі оның бір патологияны білдіргенімен, әр түрлі терминдер деп санайды. Бірақ бұл дұрыс емес. ЖРА әртүрлі қоздырғыштар-вирустар, бактериялар, қарапайымдар, саңырауқұлақтар шақыратын  респираторлы инфекциялар тобына кіреді. ЖРВИ аурудың нақты қоздырғышы-вирус екендігін көрсетеді. Яғни, егер дәрігер суық тиюдің вирустық этиологиясына күмәнданатын болса, балаға ЖРА деп қоюы мүмкін. Екі ауру да ұқсас белгілермен көрінеді, дегенмен бактерияларды жою үшін антибактериалды препараттар қажет болғандықтан, олардың емі әртүрлі болады. Білікті дәрігерлер ЖРА мен ЖРВИ-ді симптомдарына,субъективті белгілеріне қарап ажыратады, ал диагнозды нақтылау үшін зертханалық талдаулар көмектеседі.

Тұмау мен ЖРВИ вирустық зақымдануды білдіреді, сондықтан екі аурудың да емі бірдей болып табылады. Дегенмен, тұмау күрделірек өтеді, ол улану белгілерімен және жоғары температурамен, бұлшық еттердегі сыну мен ауыру сезімімен, әлсіз катаральды өзгерістермен сипатталады.

Емдеу ұстанымы

ЖРВИ-дің емі баланың өзін сезінуіне және аурудың мазалайтын симптомдарына байланысты таңдалынады, көбінесе ем үй жағдайында жүргізіледі. ЖРВИ-дің стандартты хаттамасына кіреді:

  • Жедел кезеңінде төсектегі қалпын сақтау;
  • Бөлмені жиі желдетіп, күніне 2 реттен кем емес ылғалдап сүртіп отыру;
  • Көп сұйықтық ішу. Егер балаға алғашқы күннен-ақ сұйықтықты жиі беріп тұрса, ЖРВИ ауруының асқынулары сирек болады. Таза суды, қышқылтым морстарды, компоттарды, шөп қайнатпаларын берген жақсырақ болып табылады.  Көп сұйықтық ішу шырышты қабықтың вирустардан тазаруына ықпал етеді және ағзада жиналған токсиндердің шығарылуын тездетеді;
  • Температура 38,5 градустан жоғары болған жағдайда қызуды түсіретін дәрілерді қолдану. Егер баланың ұстамаға бейімділігі болса, педиатрлар температура 37,5 градусқа жақындағанда-ақ түсіру керектігін ұсынады;
  • Антигистаминдік дәрілерді ішу. Бұл препараттар ісінуді азайтады, сол себептен де ЖРВИ ларингит және мұрынның қатты бітелуі белгілерімен көрінгенде оларды қолданған дұрыс;
  • Ринит кезінде  (мұрынның шырышты қабығының қабынуы) мұрын жолдарын физиологиялық ерітіндімен, АкваМариспен, түймедақ қайнатпасымен шайып тұру қажет. Ісінуді азайтуға тамыр тарылтатын тамшылар көмектеседі.

Баладағы ЖРВИ-ді медикаментозды емдеуді дәрігер жазып беруі керек. Жөтел пайда болғанда кезде жөтелге қарсы дәрілерді, одан кейін қақырықты жұмсартып, шығарылуына ықпал ететін препараттарды қолдану қажет. Алғашқы күннен-ақ таблетка, ректальды суппозиторийлер, тамшылар түріндегі вирусқа қарсы дәрілерді қолдануды ұсынады. Оларды қабылдау вирустардың көбеюінің алдын алады, соған байланысты инфекциялардың симптоматикасы жеңілдейді.

Тамақ қышитын болса,  антисептикалық компоненттері бар спрей мен аэрозольдерді қолдануға болады. Оларды қабылдау жағымсыз симптоматиканы азайтады және жұтынуды жеңілдетеді.

Балалардағы ЖРВИ-ді антибиотиктермен емдеу ұсынылмайды. Егер ата-аналар осы топтағы дәрілерді балаларына бақылаусыз беретін болса, асқынулардың туындау мүмкіндігі күшейеді.

Жөтел кезеңде баланың тәбеті болмайды, оны күштеп тамақтандырудың қажеті жоқ. Улану белгілері азайғаннан кейін жеңіл, дәруменделген тағамдарды беру керек, бұл әсіресе ауру ағымы ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен байланысты болатын жағдайларға қатысты болады. ЖРВИ-ден кейін қайта жұқтыру мүмкіндігін төмендету керек, яғни бірнеше күн бойы баланың басқа балалармен қатынасын азайту және халық көп жиналатын орындарға апармау керек. Дегенмен, температура қалыптыға келе салысымен-ақ, бірден таза ауада серуендей беруге болады. 

Профилактикасы

Балалардағы тұмау мен ЖРВИ-дің  профилактикасы қиын емес, тек профилактикалық шараларды тұрақты түрде сақтау қажет . Оларға жатады:

  • Күнделікті 2 сағаттан аса  таза ауада серендеу;
  • Белсенді өмір қалпы. Яғни, бала барынша көбірек қозғалып, қозғалысты ойындар ойнап, көшеде доп теуіп тұруы керек. Мультфильм көруге барынша аз уақыт бөлу қажет;
  • Күн тәртібін сақтау. Толыққанды ұйқы – ерте жастағы балалардағы ЖРВИ-дің маңызды профилактикаларының бірі болып табылады;
  • Бөлмедегі тазалықты сақтау;
  • Дұрыс тамақтану. Бала рационында қышқыл сүт өнімдері, жемістер, көкеністер, ботқалар, сорпалар барынша көбірек, ал тәттілер барынша азырақ болуы қажет.

Медбике О. Есмагулова

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст