АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТЕМЕКІ ШЕГУ ЖӘНЕ АҒЗА

26.09.2023

• Темекі түтінінде 5000-нан астам химиялык элементтер бар, олардың көпшілігі улы заттар. Олардың елуден астамы қатерлі істік ауруларын тудырады. Шылым шегушінің өкпенің қатері ісігімен ауыру мүмкіндігі шылым шекпеушілерге қарағанда 10 есе жоғары.
• Адам шылым тартқанда, никотин түтінмен бірге ішке енеді. Түтін тыныс жолдары арқылы қанға өтеді және тез арада миға жетеді.
• Темекі леккен кезде никотин жүрек қағысы жиілеуінің жоғарылауына әсерін тигізеді, нәтижесіде жүрек қарқынды жұмыс істеуі керек және оған оттегі көбірек қажет болады. Бірмезгілде өкпеде пайда болған улы газ қан мен жүрекке түсетіноттегі мөлшерін азайтады. Дәл осылай ағзаға оттегі көп мөлшерде қажет болған кезде, ол оны кажетінше ала алмайды. Бұдан басқа, шылым шегу қан қысымын уақытша көтереді, қан тамырларын тарылтады және жүрек соғысын жиілетеді.
• Күніне бір қорап темекі шегетін адам, темекі шекпейтін адамға қарағанда өзін жүрек ұстамасы катеріне екі есе душар етеді. Ол шылым шегуді қаншалықты ерте бастаса, соншалықты жоғары кауіп бар.
Зиянсыз шылым болмайды. Құрамында никотині және никотин шайыры аз шылым да соншалықты зиянды және әр түрлі аурулар қаупін жоғарылатады. • Темекі шегу өкпе эмфиземасы және бронхтың созылмалы ауруларымен тығыз байланысты. Темекі шегушілер өздерінің ағзасын түтіннен және улы химиялык заттардан құтқару үшін жиі жөтеледі.

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст